Қызылорда облысында сумен қамтамасыз етудің 20 нысанына Т8 млрд-тай қаражат бөлінді

Күні: 12:17, 16-10-2014.

Қызылорда. 16 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында сумен қамтамасыз етудің 20 нысанына Т8 млрд-тай қаражат бөлінді, деп хабарлады облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан.
«Ақ бұлақ» бағдарламасымен қаржыландыру көлемі 7,9 млрд теңге болды. Бұл қаражат сумен қамтамасыз етудің 20 нысанын салу мен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қызметіне субсидия ретінде жаратылмақ», - деді бейсенбі күні облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету және  су тарату бөлімінің бастығы Ерлан Жоламанов.
Оның айтуынша, 13 жобаны іске асыру, 250 км су құбырын қайта жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Нәтижесінде сапалы ауыз сумен тағы 56 мың тұрғын қамтамасыз етіледі.  
«Бөлінген қаражат 100% мгерілді. Биыл «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 7 су нысанын іске қосу, 50 км су құбырын қайта жөндеу, 1700 есептеу аспаптарын орнату жоспарлануда», - деді Е.Жоламанов.
Одан басқа, 8 елді мекенді Жиделі және Талапты су торабының тобына қосуға қаражат бөлінген. Басқарма мәліметтерінше, жалпы алғанда облыста 262 елді мекен бар, олардан орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне бүгіндері 185-сі қосылған. 2014 жылы  
Арал ауданының Сексеуілді, Қазалы ауданындағы Байқожа,  Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет, Ақай, Жосалы, Жалағаш ауданындағы Бұқарбай, Ақсу, Сырдария ауданындағы Амангелді, Ақжарма, Мәлібаева, Бесарық,  Шиелі ауданындағы Жүлек, Алмалы, Тәжібаева, Жаңақорған ауданындағы Қаратөбе, Түгіскен және Қызылорда қаласының Абай, Айнакөл, Ақжарма, Махамбетова елді мекендерінде су құбырларын қайта жөндеу жұмыстары басталды.  
«Әзірге ашық су қоймаларынан су ішіп отырған елді мекендерге сапалы ауыз су жеткізу бағытындағы жұмыстар кезеңмен жалғасатын болады», - деді Е.Жоламанов.


Жаңалықтармен бөлісу: