Қызылорда облысында Сырдария өзенінің деңгейі шекті деңгейге жақындап қалды

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Қызылорда облысында Сырдария өзенінің деңгейі шекті деңгейге жақындап қалды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Сырдария өзені – Жосалы ГБ-де бекетінің тұстамасында мұз мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейі қауіпті деңгейге жақындағанын хабарлаймыз. Нақты деңгей: 08:00-де 670 см (қауіпті деңгейдің 98%). Қауіпті деңгей: 680 см. Шекті деңгей: 720 см», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Еске салсақ, 9 қаңтарда синоптиктер ескерткендей, Қазалы қаласындағы Сырдария өзенінің су көлемі қауіпті белгіге жақындап қалған еді.

adimage