Қызылорда облысында тұрғындардың 65%-ға жуығы табиғи газға қосылған

Күні: 17:25, 21-02-2020.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская.
2020 жылы Қарағанды облысы тұрғындарының 64,5%-ы табиғи газға қосылды, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов.
«Бүгінгі таңда табиғи газға халықтың 64,5%-ы қосылды, төрт аудан орталығы газдандырылды. 2019 жылы Байқоңыр қаласын газдандыру жұмыстары аяқталды», - деді Жақанов жұма күні сенат отырысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында.
Оның айтуынша, кәріз-тазарту құрылғылары жүйесінің техникалық жағдайының қанағаттандырылмауы өзекті болып отыр. Қазір «Қазақстандық ТҮКШ жаңарту және дамыту орталығы» АҚ Қызылорда бойынша биологиялық стансаны қайта құру және автоматтандыру жүйесі жобасын қаржыландыру ұсынылды.
Сондай-ақ, соңғы бес жылда өңірде 125 әлеуметтік нысан салынған: олардың 56-сы денсаулық сақтау нысаны, 11 - спорттық, 6 - мәдени нысандар, 10 - әкімшілік ғимараттар.
Әкім орынбасарының ақпарынша, соңғы бес жылда 3,1 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 мыңдай отбасы баспанамен қамтылған. Қызылордада Сырдарияның сол жағалауы белсенді өсіп келеді. Бұл жерде 48 көппәтерлі үй салынды.
«Қала халқының 98%-ы, ауыл халқының 97%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, ал орталықтандырылған сумен жабдықталған ауыл саны 185-тен 193-ке өсті», - деді Жақанов.


Жаңалықтармен бөлісу: