Қызылорда облысында тағы бір балабақша пайдалануға тапсырылды

Қызылорда. 6 қараша. ҚазТАГ - Бүгін Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сәкен Сейфулин ауылында 90 орынға лайықталған жаңа үлгідегі балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.
Хабарда айтылғандай, балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары
Р. Кенжеханұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, ол мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдегі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен толық қамтылғандығын атап өтті.
Ауыл тұрғындары балабақшаның ел игілігіне берілуін қуанышты көңіл-күймен қабылдап, Елбасына зор алғыстарын білдірді.
Айта кету қажет, аталған ауылда ағымдағы жылы балабақшадан бөлек,
150 орындық клуб ғимараты және №137 мектептің мәжіліс залы мен кітапхана ғимараты пайдалануға берілген.

adimage