Қызылорда облысында табиғатты қорғау шаралары бойынша бір жобаға Т1,7 млрд-тан астам жұмсамақ

Қызылорда. 30 сәуір. ҚазТАГ – Қызылорда облысында табиғатты қорғау шаралары бойынша бір жобаға бюджеттен Т1,7 млрд-тан астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 447 724,3; 2025 жыл - 1 300 064; 2026 жыл - 0; 2027 жыл - 0», - деп облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т1 747 788 300.

Бюджеттік жобаның сипаттамасы бойынша, шығыстар Қызылорда қаласында 26 тік дренажды ұңғыма қазу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге және Жаңақорған ауданы Қыраш ауылдық округіндегі Қызылмақташы ауылында мал суару үшін зерттеушілік және пайдалану ұңғымасын бұрғылауға, Қызылорда қаласында 14 техникалық ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын атқаруға, Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі Аққыр каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің ЖСҚ әзірлеуге, Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жобасын іске асыруға бағытталған.
Мақсаты - табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру және табиғат пайдалануды реттеу.

«Міндеттер: жобаның жүзеге асуының нәтижесінде су басу қаупінің алдын алуға және қауіпсіздігіне, ауданның өнеркәсіп саласындағы бірден-бір өндіріс бағытындағы кәсіпорынның мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа технологияларды пайдалану арқылы мал азықтық дақылдарды жергілікті жерде өндіруде, Қызылорда қаласының жерасты суының деңгейінің түсуіне, көгалдандыру мен экологиялық жағдайды 100%-ға жақсарту, елді мекенді сумен қамтамасыз ету, 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарына енгізілген нысаналы индикаторларына (қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 2023 жылы - 27,5%, 2024 жылы - 30,1%, 2025 жылы -33,6%) қол жеткізу», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage