Қызылорда облысындағылар ресейлік күріш сорттарын өсіруге ниетті

Қызылорда. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысындағылар ресейлік күріш сорттарын өсіруге ниетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, 10 қыркүйекте «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық Коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшы орынбасары Өмірхан Пашкеновтың, «Абзал және К» директоры Абзал Ералиевтің, І. Жақанов атындағы күріш шаруашылығы ҚазҒЗИ директоры Серікбай Өмірзақов пен «Тан ЛТД» ЖШС директоры Имамзады Шағынтаевтың қатысуымен брифингі өтті. Олардың бәрі 3-6 қыркүйекте Ресейдің Краснодар өлкесінде күріш шаруашылығы бойынша семинарда болып, онда РФ мен Қырғызстанның барлық күріш егетін өңірлеріндегі әріптестерімен тәжірибе алмасты, сонымен қатар ресейлік әріптестермен бірлесіп жұмыс жасау бойынша меморандумға отырды.
Сөз сөйлеу барысында Ө. Пашкенов облыста сан алуан ауыл шаруашылық дақылдарының 20 түрінің өсірілетіндігіне қарамастан, тап күріш ауыл шаруашылық өнім экспортының негізі болып табылатынын атап өтті.
«Осыған байланысты ресейлік әріптестермен ынтымақтастық белсенді дамып келеді, оған РФ-ның негізгі күріш өсіруші өңірі Краснодар өлкесінің күріш өсіруге арналған жағдайлар бойынша біздің облыспен ұқсас болып келу себебі жәрдем болып отыр. Біздің оңтүстік көршіміз – Өзбекстан арақашықтығы бойынша жақын болғанына қарамастан, біздің өңірімізде өсіруге келмейтін тез пісетін күріш сорттарын өсіреді», - делінген әкімдік хабарында.
Қазіргі таңда егілетін күріштің 76%-ға жуығы ресейлік сорттарға және тек 24%-ы – күріш ҚазҒЗИ-да сұрыпталатын жергіліктісіне жататындығы көрсетіледі.
«РФ-да мемлекеттік қолдаудың арқасында, жыл сайын күріштің жаңа 2-3 түрі іріктелетінін және сол тәжірибенің қызылордалық күрішшілер үшін қажетті және пайдалы болып табылатынын атап өткен жөн», - деп қадай айтты әкімдіктегілер.
Соған байланысты ілгеріде ресейлік әріптестермен ғылыми және жұмыстық байланыстар белсенді дамуын жалғастырмақ. Сөйтіп, осы айда Сочиде ауыл шаруашылық көрмесі өткізіліп, оған да Арал маңындағы жұмысшылар мен күрішшілерге жетекшілік ететін ғалымдар тобы барып қайтады.
Одан өзге, өз сөзінде А. Ералиев атап өткендей, ресейлік жаңа күріш сорттары – «Серіктес», «Титан» және «Шымыр» - келешекте Қызылорда облысында да егілуі мүмкін.
Мұнымен қатар ол Қазақстанның ДСҰ-ға енгеніне қарамастан, бұл, күмәнсіз, күріш экспорты саласындағы бәсекелестікті қатайтады, қызылордалық күріш сұранысқа ие болып қала беретінін атап өтті.
«Бұған оның сипаты мен керемет дәм сапасы сеп болады. Сондай-ақ өндіріс кірістілігінің ұлғаюы есебінен оның бағасы біртіндеп төмендейтін болады. Егер мысалға ресейлік күріштің кірістілігін алатын болсақ, онда ол 44%-ды құрайды. Қызылордалық күріштің кірістілігі әзірге 20-25%-ды құрайды, бұл, әрине, шектеулі болып табылмайды», - деп баса айтты облыс әкімдігінен.

adimage