Қызылорда облысында жұмыспен қамту бөлімінің бастығына пара алғаны үшін Т30 млн айыппұл салынды

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Қызылорда облысында жұмыспен қамту бөлімінің бастығына пара алғаны үшін Т30 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Жаңақорған ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ҚМБ басшысы А.Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. (…) 24 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, Т30 млн сома айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, Ахметов аталмыш ҚМБ маманы ретінде жұмысқа орналастыру үшін азамат Қ.Берженбаевтан Т600 мың сома көлемінде пара алған деген күдікке ілінген еді.
«Осы үкіммен Берженбаевқа пара бергені үшін Т9 млн көлемінде айыппұл салынды»,- делінген хабарда.

adimage