Қызылорда. 21 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысында жер мақсатына сай пайдаланылмаса салынатып айыппұлды 1 мың АЕК мөлшеріне дейін көтеру ұсынылуда, деп хабарлайды өңірлік БАҚ-тар.
«Кеше (20 қазанда - ҚазТАГ) облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мия тамырына қатысты өзекті мәселелер бойынша селекторлық кеңес өтті. (...) Біздің облысымызда мия өсімдігі кеңінен таралған, бірақ жақынға дейін онша назарға ілінбейтін. Соңғы кездері жекелеген адамдар ол өсімдікті сатудың коммерциялық тиімділігін түсініп, оны заңсыз жинап, тамырымен қопарып, шетелге сатып жатыр», - деп жазады басылым сейсенбі күні.
Бұл ретте облыс мәслихаты бекіткен мөлшерлеме бойынша, 1 кг жиналған мия үшін мемлекетке Т200 төлеу керек.
Облыстық ІІД мәліметтерінше, 2014 жылғы 9 айда облыста мияны жинаудың заңсыз 39 оқиғасы тіркелген, оның 3-еуі - Сырдария, 27-сі - Шиелі, 7 - Жаңақорған аудандарында және 2- Қызылордада тіркеліпті.
«Жекелеген шаруа қожалықтары да мал бағу, өсімдік өсіру үшін бөлінген жерлерін мақсатқа сай пайдаланбай, ол жерлерден заңсыз мия жинаумен айналысқаны, сол арқылы қоршаған ортаға зиян келтіргені анықталды. Тура сол сияқты жеке бизнесін дамыту үшін мемлекеттік жерлерден де мия жинаумен айналысатын жеке жер иеленушілерді де атауға болады. Ал оларда мұндай шаруашылыққа тиісті рұқсаты да, құжаттары да жоқ», - деп жазады БАҚ-тар.
Кеңеске қатысушылар мияны заңсыз жинауды болдырмау және осындай құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жерді мақсатына сай пайдаланбағандарға салынатын айыппұлды 1 мың АЕК мөлшеріне дейін көтеруді ұсынып отыр (қазір оның мөлшері 15 АЕК, немесе Т25 мың 969). Себебі құқық бұзушыларға айыппұл төлей салып, заңсыз әрекетін одан ары жалғастыру тиімді екен.
Ауыл округтары мен аудан әкімдеріне мақсатқа сай пайдаланылмайтын жерлерге үнемі мониторингі жасап отыру ұсынылып, мияны заңсыз тамырымен опырып алудың барлық оқиғаларын, кеңеске қатысушылардың пікірінше, құрметті ақсақалдар мен белсенділердің қатысуымен қаралып, БАҚ беттерінде талқыланып отыруы керек.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев кеңес қорытындысын шығарып, «бұзушылықтармен қатаң күресу керек» деп қадап айтты. Ол мия тамырын республикадан тыс жаққа шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы жобасының әзір екендігін, бірақ ол әзірге қабылданбай тұрғанын еске салды.
«Біз осы маңызды мәселеге қатысты барлық сала өзара үйлесімді жұмыс атқаруы үшін анық іс-әрекет алгоритімін дайындауымыз керек», - деді облыс әкімі.
Мия адам ағзасына пайдалы өсімдік. Оны ресми медицинада да (қақырық түсіретін препарат), тибет медицинасында да (туберкулез, атеросклерозға қарсы дәрі) пайдаланады, ал Батыс Еуропада оны семіздікті емдеуге қолданады.
ҚР білім және ғылым министрлігінің ботаника және фитоинтродукция институтының қорытындысынша, өсімдік шаруашылығы мемлекеттік тізімдемесіне сай өңірде жылына 3378 тонна мия жинауға болады.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51