Астана. 7 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қызылорда облысында 2014 жылғы IV тоқсанда Т3,8 млрд тұратын 3 инвестжобаны пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
«Бұл жобаларда 559 жаңа жұмыс орны ашылады», - делінген Қызылорда облысы әкімінің брифингіне арнап жұма күні таратылған материалдарда.
Атап айтқанда, әңгіме тамақтық және техникалық сода өндіретін құны Т1,5 млрд болатын «Аралтұз» АҚ жобасы туралы болып отыр. Қосымша Т0,06 млрд қаражатты тартуға байланысты жобаның жалпы бюджеті Т2,1 млрд-қа дейін көтерілді. Кәсіпорынды жетілдірген соң ол жылыны 2013 мың тонна тұз, оның ішінде 147 мың тонна тамақтық сода мен 66 мың тонна техникалық сода өндіреді. Ол қазіргіден 66%-ға көп.
«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлесіп іске асырып жатқан құны Т375,9 млн, қуаты тәулігіне 80 тонна өнім шығаратын «Жан Арай Жем» ЖШС құрама жем зауыты желтоқсанда іске қосылады. Онда жаңадан 60 жұмыс орны ашылады.
Мия тамырын өңдеу және оны өсірумен айналысатын «Бис групп» ЖШС жобасы жылына 1 мың тонна мия тамырының сіріндісін, 100 тонна моноаммоний глициризинатын шығаратын құны Т1,8 млн болатын жобасын да желтоқсан айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43
-
Астанада полиция командирі мен прокуратураның бұрынғы қызметкері қамауға алынды9 Маусым 2023, 15:01
-
Жұма күні Қазақстанның басым облысында аптап ыстық және жаңбыр күтіледі9 Маусым 2023, 09:46