Қызылорда облысының автожолындағы антенна-діңгектері құрылысына Т1,9 млрд жұмсамақ

Қызылорда. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қызылорда облысының автожолы бойында орналасқан антенна-діңгектері құрылысына Т1,9 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; атауы - байланыс желілерінің құрылысы және төсеу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысы, Сырдария ауданының, «Қызылорда-Жезқазған» (А-17) 169 шақырым автожолы бойында орналасқан антенна-діңгектері құрылысы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 942 727 265», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 22 қарашада басталған, 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage