Қызылорда облысының билігі әлеуметтік маңызды азық-түліктің 33 түрінің бағасын бақылап отыр

Қызылорда. 24 тамыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысының билігі әлеуметтік маңызды азық-түліктің 33 түрініің бағасын қадағалап отыр, деп хабарлады облыс әкімінің бюаспасөз қызметінен.
«Азық-түліктің әлеуметтік маңызды деген 33 түрінің бағасын бақылауда ұстау үшін штаб құрылып, жедел іске кірісті. Қазір аталған тауар түрлеріне шектеулі баға белгіленген. Сол межеден асырмауымыз қажет. Бұл бағытта кәсіпкерлеріміз де әлеуметтік жауапкершілік танытып отыр. Облыста жалпы жағдай тұрақты», - деп айтқан облыс әкімі Қ.Көшербаевтың сөзіне баспасөз қызметі султеме жасапты.
Хабарда атап көрсетілгендей, 22 тамызда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған штаб мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орталықтарын аралап, тауар бағаларымен танысты.
Алдымен «Сырдария» сауда орталығында болды. Екінші қабатта орналасқан «ТехноДомда» баға бірқалыпты. Дүкен меңгерушісі Мадияр Тоқмағамбетов түрлі акциялар ұйымдастырылып жатқандығын айтты. Мұнда тұрмыстық техниканың соңғы үліглерінің барлығы бар. «Айтбек», «Small» сауда орталықтарындағы баға да өзгеріссіз.
«Small» сауда орталығының меңгерушісі Ұлболсын Жақыпова өтпелі кезеңнің бағаға әсері болмағанын айтты. Мұндағы негізгі өнімдердің басым бөлігі отандық.
Жалпы, штаб мүшелері бағаға күніне екі рет бақылау жүргізуде. Бұл жұмыстар жалғаса беретін болады.

adimage