Қызылорда облысының бірнеше елді мекендеріне газ құбырын салуға Т3,3 млрд жуық қаражат жұмсамақ

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысының бірнеше елді мекендеріне газ құбырын салуға Т3,3 млрд жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; атауы - инженерлік желілерді салу (құрылыс) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү. Түктібаев елді мекендеріне тартылатын газ құбырын салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 293 147 340», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 7 тамызда басталған, 22 тамызда аяқталады.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage