Қызылорда облысының делегациясы Астанада өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады

Қызылорда. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған еліміздегі ірі шараға Қызылорда облысының өкілдік делегациясы қатысады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы – бұл биыл тұтас мемлекет болып тойлайтын көлемді мерекелердің бірі. Мен барлық облыстың мерекеге өз сый-сияпаттарымен келіп, «Қазақ елі» ескерткішінің алдындағы этноауылда елорда тұрғындары мен қонақтарын қарсы алуға дайындалуы өте сәтті ұйымдастырылған деп ойлаймын. Осында, еліміздің ең басты алаңында әр облыс өз өңірін таныстыруға мүмкіндік алады. Және бұл осы алаңға орналасқан кішкентай ғана Қазақстан», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ҚазТАГ агенттігіне жұма күні.

Оның айтуынша, Қызылорда облысы бүкіл Қазақстан үшін тарихи маңызға ие Қорқыт ата секілді мәдени ескерткішімен танымал, өңірде сонымен қатар әлемге әйгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.  Бұған қоса облыс елімізде күріштін 90%-ын өсіреді.

«Біз өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді көрсетуге, таныстыруға тырыстық. Сондықтан біз елорда тұрғындары мен қонақтарын басы-қасында болып, өз көздерімен көруге танысуға, тыңдауға шақырамыз», - деп мәлімдеді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.  

Р. Кенжеханұлы Қызылорда облысының кезінде төрт астана орналасқан аумақ екенін еске салды. Атап айтсақ, сақтардың ежелгі астанасы, қыпшақтардың астаналарының бірі, сондай-ақ қазақ хандығының астанасы – Сығанақ қаласы, және ХХ ғасыр басында Қызылорда Қазақстанның сол кездегі алғашқы астанасы болды.  
«Бұл бай тарих, бай мәдениет және біздің міндетіміз – оны жан-жақты көрсету, таныстыру. Сондықтан қош келдіңіздер дейміз», - деп аяқтады ол сөзін.

Қызылорда облысы өкілдерінің ресми делегациясы 11-12 қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Астанадағы салтанатты шараға, «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, «Барыс» мұз сарайында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін театрландырылған көрініске қатысады.  

Сонымен қатар бұл күндері Астананың қонақтары мен тұрғындары Қызылорда облысының шығармашылық ұжымдарының қызметімен танысады. Олардың киіз үйлері «Қазақ елі» ескерткішінің алдындағы алаңда орналасады. Атап айтсақ, театр ұжымдары, өнер қызметкерлері, ақындар және т.б. өнерлерін көрсетеді. Барлығы шараға жүзден астам адам жұмылдырылған.

adimage