Қызылорда облысының экс-әкімі Көшербаев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Күні: 11:44, 28-06-2019.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Қызылорда облысының экс-әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Сонымен қатар, «мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды».
Еске салсақ, Сағынтаев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы қызметін 2019 жылдың 4 наурызынан бастап атқарып келді, 12 маусымда осы қызметке қайта тағайындалды.
Көшербаев 2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған еді, ал 2019 жылдың 17 маусымында бұл қызметке қайта тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: