Қызылорда облысының ІІД-ге жаңа бастық тағайындалды

Күні: 10:16, 31-10-2014.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.  
«Бүгін Қызылорда облысының ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды», - делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан хабарында.
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.
Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті.
Соңғы лауазымы - Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы.
Жаңадан тағайындалған облыс полициясының басшысына Марат Демеуов оның іскери және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті қызмет тіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: