Қызылорда облысының күрішшілері көлік-трактор паркін Т4 млрд-ға жаңартты

Қызылорда. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысында егіншілер мемлекет қолдауымен ауыл шаруашылық техникасының озық үлгілерін несиеге алу мүмкіндігін барынша белсенді қолдануда, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ жергілікті филиалының директоры Оразбек Қарақожаев.

«Сыр өңірі ағымдағы аграрлық маусым бойынша – ауыл шаруашылық техникасын сатып алу бойынша елде көш бастап тұрғандардың бірі. Жыл басынан бері облыс жүздеген данасын сатып алды, күрішшілер, мәселен, John Deere, Claas, «Торум», «Полесье» комбанйдарын, «Мак Дон» өзі жүргіш дестелегішін, Mara лазерлі жоспарлауыштарын сатып алды. Олар сатып алған техниканың құны 4 млрд теңгеге жуық», - деді  О. Қарақожаев.

Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе өскен. 2014 жылы күріш шаруашылықтары шамамен Т20 млрд сомаға техника сатып алған. Мысалы, Сырдария ауданындағы «Магжан және К» ЖШС бірден 7 комбайн сатып алған.  

«Айта кетерлігі, ауыл шаруашылық өндірушілеріне техника үшін 13,5% жарнамен несие төлеген тиімді, 7%-ын мемлекет төлейді», - деп атап өтті О. Қарақожаев.

Жалпы Қызылорда облысында күріш өсірумен айналысатын  шамамен 500 шаруашылық бар, 164 мың га егіс алқабының 83,8 мың га күріш егілген. Былтыр Сыр өңірі күрішшілері соңғы 20 жылдағы рекордтық күріш өнімін жинады. Орташа өнімділік әр гектардан 50,1 центнерді құрады, 415 мың тонна күріш жиналды. Биыл да нәтиже жоғары болмақ.  

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың  тапсырмасымен былтырдан бері өңір күрішшілері Краснодар аймағының ғалымдарымен белсенді түрде тәжірибе алмасуда.

adimage