Қызылорда облысының әкімі 85 жылдығын тойлап жатқан өңірдің екі басылымына автомобильдер сыйлады

Күні: 16:21, 01-11-2014.

Қызылорда. 1 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 85 жылдығын тойлап жатқан «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне автомобильдер сыйлады, деп хабарлады мемБАҚ-тар.
«Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың екі көне басылымына жеңіл автомобиль кілттерін тапсырды», - деп жазды сенбі күні БАҚ-тар.  
Қ. Көшербаев газет ұжымын мерейтойымен құттықтап, журналистерге сыйлықтар тапсырды.
Одан басқа, газеттің 85 жылдығын тойлау аясында облыстық мәслихат залында «Жаһандану және журналистика: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: