Қызылорда облысының әкімі өңірде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жеткілікті деңгейде белсенді жүргізілмейді деп есептейді

Қызылорда. 22 қазан. ҚазТАГ – Облыс әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының және облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысы болып өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасымыздың құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру тапсырмасына сай өңірдегі жағдайға талдау жасады.  
«Қызылорданы қылмыстық тұрғыдан ең қауіпсіз облыс орталығы деп танылғаны қуанарлық жәйт. Бірақ жалпы алғанда қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу жеткілікті дәрежеде белсенді жүргізілмейді», - деді әкім.
Өңір басшысының пікірінше, жұртшылықты құқық бұзушылықтың жолын болдырмау және оның алдын алу шараларына тарту керек.
«Құқық бұзушылыққа куә болған әр азамат оның жолын кесе алады, тіпті оның жеке өз басы кірісе алмаса да. Болған оқиғаны ол ұялы телефонға түсіріп алып, оны құқық қорғау органдарына тапсырсын, немесе әлеуметтік желілерге қойсын», - дейді әкім. Облыс басшысы азаматтардың осындай өтініштерін назардан тыс қалдырмауға шақырды.
Бұл ретте ішкі саясат басқармасына БАҚ беттеріндегі сын мақалаларға мониторинг жасап отыру тапсырылды.
Ол ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы үнемі нығайып, қаржыландыру артып келе жатқанын еске салды. Жыл соңына дейін ІІД қызметкерлеріне 50 автокөлік сатып алынды.
«Бірақ полицейлер автомобильдерге отырысымен аулаларға патруль жасамауға болады дегенді білдірмейді. Формадағы адамның келіп-кеткенінің өзі құқық бұзушылықтың алдын алудың бір түрі болып табылады», - деді Қ.Көшербаев.

adimage