Қызылорда облысының әкімі мемрәміздердің орналасуы бойынша кемшіліктерді жоюды тапсырды

Күні: 10:19, 05-11-2014.

Қызылорда. 5 қараша. ҚазТАГ – Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық мемрәміздер комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
«Облыс әкімінің тапсырмасына сай, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазанында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы республика мемлекеттік рәміздерінің стандарттарға сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Тексеру барысында бірқатар меморгандарда олардың орналасу тәртібінің бұзылғаны анықталды, олар не оңалған, байрақ пен елтаңба болса бірдей деңгейде орналастырылмаған, не кабинеттерде терезе жақта орналасқан т.с.с.», - делінген хабарда.
Облыс әкімі мемлекеттілік рәміздерін құрмет тұту, олардың орналасу стандартын сақтау мен оларға деген немқұрайлыққа жол бермеу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Өңір басшысы тексеріс кезінде табылған кемшіліктерді жойып, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: