Қызылорда. 22 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жемқорлықпен күрестің тиімді стратегиясын дайындау үшін жұртшылықты тартуды ұсынды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімнің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, облыс әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының және облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысы болып өтті.
Мәжіліске облыс әкімі Қ.Көшербаев, өңіріміздің бас прокуроры С.Нұрпейісов, облыстық прокуратура қызметкерлері, басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кеңесте өңірімізде «Мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастырудың кейбір мәселелері және облыстағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы тақырыбында облыс прокурорының орынбасары Р.Райханов пен облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Жайсаңбаев баяндама жасады.
Аймақ басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның назарын аудару маңызға ие болу керек. Ол көптеген мәселенің шешілуіне ықпал етеді.
«Елбасымыз Жолдауында айтып өткендей, жемқорлықпен күрестің маңызды қадамы - «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру. Нәтижесінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық жүрген жерде мемлекеттік өкімет пен атқарушы органдардың абыройы төмендей бермек», - деді облыс әкімі.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34