Қызылорда. 5 қараша. ҚазТАГ – Жедел және кезек күттірмейтін дәрігерлік көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында медициналық мекеме ұжымдарына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін жаңа 50 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау саласын дамытуда өңірімізде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соңғы 2 жылда бұл саланы қаржыландыру 61,5 пайызға өсті. Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасқа жетті, ана мен бала өлімі 30 пайызға азайды. Биылдың өзінде бірнеше медициналық жаңа нысандар іске қосылып, 200 орындық «Ана мен бала» орталығы, 13 дәрігерлік амбулатория, 2 аудандық емхана ел игілігіне берілді. Бұл медициналық мекемелерге осы жаңа автокөліктер толыққанды қызмет ететін болады,- деген облыс әкімі дәрігерлерге автокөліктердің кілтін тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облысқа 75 автокөлік жеткізілді. Қараша айының соңына дейін санитарлық авиацияны жандандыру мақсатында аса қымбат медициналық құрылғылармен жабдықталған жол талғамайтын көлігі және қалған 16 санавтокөліктер әкелініп, өз жұмыстарын бастамақ.
Сонымен, жылдың соңына дейін облыстық денсаулық сақтау саласы 100 пайыз медициналық автокөлікпен қамтылады.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде30 Қараша 2023, 09:08
-
Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды29 Қараша 2023, 18:19
-
Алматыда 460 көшетті жойылды: полиция күдіктілерді ұстады29 Қараша 2023, 17:11
-
Қарағандыда ЧВК «Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандыққа үкім шықты29 Қараша 2023, 16:38
-
Қазақстанда қар жамылғысы қашан жайғасады?29 Қараша 2023, 16:13