Қызылорда облысының судьясы үкімді бұрмалау және заңсыз үкім шығару күдігіне ілікті

Күні: 18:46, 18-09-2020.

Қызылорда. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысының судьясы үкімді бұрмалау және заңсыз үкім шығару күдігіне ілікті, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол ресми құжаттарға жалған мәліметер енгізу арқылы бірнеше азаматтық істер бойынша әдейі заңсыз шешім шығару күдігіне ілікті», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Құқыққорғаушылар нақтылағандай, аталмыш іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.


Жаңалықтармен бөлісу: