Қызылорда облысының Сырдария ауданының күрішшілері орташа алғанда 61 ц/га өнім алады

Күні: 20:55, 04-10-2014.

Қызылорда. 4 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысының Сырдария ауданының күрішшілері орташа алғанда 61 ц/га өнім алады, деп жазады жергілікті БАҚ-тар.
ҚР сенат парламентінің бір топ депутаттары аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану, және ауылды аумақтарды дамыту жөнінде көшпелі отырыс өткізу аясында Сырдария ауданындағы Наги Ілиясов ат. ауыл округында болып қайтты.
«Мағжан және К» егістік алқабында еңбек ері Абзал Ералиев сенаторларды егін жинау науқанының барысымен таныстырды, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Биыл шаруашылық 1,8 мың гекатар алқапқа күріш екті. Өнім жаман емес. Диқандар орташа алғанда гектарынан 61 центнерден өнім алуда», - делінген сенбі күнгі хабарда.
Одан басқа, деутаттар өңірдегі балық шаруашылығымен де танысты. Көшпелі отырыс барысында саладағы кезек күттірмейтін жүйелі проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
Бүгінге тауарлық балық өндірісі саласының проблемалық мәселелерін шешу мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлық балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Заң жобасын қабылдаудағы мақсат саланың дамуын ынталандыруға керек құқықтық-нормативтік базаны қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ салық кодексіне де өзгерістер енгізу қарастырылуда. Атап айтқанда, тауарлық балық өнімдерін өсіруді ауыл шаруашылығы өндірісіне теңестіріп, және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға сияқты арнайы салық режимін қолдану ұсынылуда. Мұның барлығы аквакультураның дамуына, саланың бәсекелестікке қабылеттігін арттыруға мүмкіндік береді.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі сенат комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев атап кеткендей, 2020 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуға Т70 млрд инвестиция бағыттау жоспарлануда, оның ішінде бюджеттің 30% - тауарлық балық шаруашылығын дамытуға, 45% - тұқымын көбейту мақсатына, 10% - балықты қорғау шараларына және 15% - ғылыми-әдістемені қамтамасыз етуге бағытталмақшы.
Комитеттің көшпелі отырысы аясында сенаторлар шағын және орта бизнестің бірқатар кәсіпорындарына барды.


Жаңалықтармен бөлісу: