Қызылорда облысының тұрақтандыру қорына 6 мың тоннадай азық-түлік жиналды

Қызылорда. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысының тұрақтандыру қорына 6 мың тоннадай азық-түлік жиналды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қазірге «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қоймаларында және тұрақтандыру қорында тоғыз түрлі азық-иүліктің 6 мың тоннадайы жиналған, олар халық сұранысына ең қөажеттілері», - деп айтқан «Қаржы компаниясы» ЖШС-інің директоры Ләмир Камишевтің сөзіне баспасөз қызметі сейсенбі күнгі хабарда сілтеме жасайды.
Тұрақтандыру қорына жиналған азық-түлік арасында  - бірінші сортты ұн, күріш, картоп, макарондар, қант бар.
«Біз азаматтарды қажет болса, азық-түліктің тұрақты бағаларымен қамтамасыз етуге дайынбыз», - деп қадап айтты Д. Кәмишев.
Бұл ретте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қандай да азық-түлікке артқан сұраныс жоқ деп айтты.
Тұрақтандыру қорының операторы – «Қаржы компаниясы» ЖШС-інің мәліметіне сүйенсек, фьючерстік шарт жасасқан шаруа қожалықтары картоптың алғашқы партиясын қазан айының басында жеткізе бастайды.
«Тұрақтандыру қоры Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының 5 шаруа қожалығынан 550 тонна картоп сатып алады. Қазір қоймада Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген 800 тонна картоп бар, жалпы, 1350 тонна өнім сатып алуымыз қажет», - дейді «Қаржы компаниясы» ЖШС-і директорының орынбасары Лаура Жанасбаева.

adimage