Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды

Күні: 18:59, 05-11-2014.

Қызылорда. 5 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды, деп хабарлады Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың қазан айында әуежай халықаралық мәртебеге ие болды, жолаушылар терминал құрылысы басталды», - деген облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Марат Байымбетовтың дәйексөздерін келтіреді баспасөз қызметі сәрсенбі күнгі хабарда.
М. Байымбетовтың түсіндіруінше, қызылордалық әуежайда халықаралық мәртебенің жоқтығы инвесторлар үшін белгілі бір қолайсыздықтар туғызған.
«Өңірлік мұнай-газ өңдеуші кластердің инвесторлары жүктердің әуе тасымалдарын жеткізудің жедел әрі тиімді құралы деп санайды және әуежайда халықаралық мәртебенің болмауы оларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады, сондай-ақ басқа әуежайлардан жүкті жеткізу  бойынша қосымша қаржылай шығындарға және шекаралық пен кедендік рәсімдерден өту үшін ұшақтың қосымша қону жасауына әкеліп соғады, ал бұл ақыр аяғында өнімнің өзіндік құны мен Қызылорда облысының халқына көрсетілетін қызмет сапасына өз ықпалын тигізеді», - деп түсіндірді М. Байымбетов.
Осыған байланысты ҚР үкімтіне қызылордалық әуежайға халықаралық мәртебе таңу және сағатына 500 адамға дейінгі өткізу қабілеті бар «А» класты заманауи жолаушылар терминалының құрылысы туралы ұсыныс енгізілген болатын.
Қызылорда әуежайы 1996 жылы «Сыр Сұңқары» әуе компаниясының құрамында құрылған. 2001 жылы «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ деп өзгертілді. Бүгінге дейін әуежай арқылы аптасына 27 әуе рейсі іске асырылады, соның ішінде Астанаға – 7 рейс, Алматыға – 12 рейс, Ақтауға – 2-ден, Өскемен мен Қарағандыға – жетісіне 3 рейстен. Әуежай жанында сағатына 150 жолаушы өткізуге қабілетті ИКАО 1-санатты «В» класты аэровокзал кешені бар.
«Қорқыт ата» әуежайы» АҚ бас директоры Сайлау Жаналиннің айтуынша, дәл қазіргі сәтте Бейжің, Ыстамбұл, Мәскеу мен Дубайға тікелей рейстер, ал келешекте чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша отандық та, шетелдік те әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Осылайша, алдағы жылы қызылордалықтар Астана немесе Алматыда қазіргідей ұшақтан-ұшаққа ауысып отыру қолайсыздықтарын бастан кешірмей, танымал әуе маршруттарымен тура ұша алатын болады», - деп атап өтті әкімдіктен.


Жаңалықтармен бөлісу: