Қызылорда және Қостанай облыстарында күшті жел күтіледі

Күні: 15:54, 01-08-2019.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ – 2 тамызда Қызылорда және Қостанай облыстарында күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. 2 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: