Қызылордада қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастардың олимпиадасы өтті

Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ -  Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдықмерейтойының шаралары аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастардың «Тіл- тұнық ойдың кәусары» атты олимпиадасы өті, деп хабарлады осы жарысты ұйымдастырушы облыстық ішкі саясат басқармасынан.
Хабарда айтылғандай, оған үш тілді-қазақ,орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген 19 жас қатысып, білімдерін ортаға салды.  Олимпиадаға аймағымыздың барлық аудандарымен қалаларындағы 16 мен 22 жас аралағындағы  мамандығына, кәсібіне қарамай, 19 талапкер   келді. Қатысушылардың көбісі мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын студент-жастар. Еліміздің үш тұғырлы саясатын қалай меңгеріп жүргендерін олар  өз білімдерімен таразылады.
Байқауға келгендерге  ұсынылған тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу, ілеспе аударма жасау туралы үш тапсырма берілді. Талапкерлер оларды үш тілде -қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде  орындады.  Олимпиада жұмысына  Қорқыт ата атындағы университеттің  оқытушы-ғалымдары сарапшылық  етті. Олар қатысушылардың тілдік шеберлігіне, сөздік қорының байлығына ерекше назар аударды.
Үш тілден сүрінбей өткен  «Тіл-тұнық ойдың кәусарының» жеңімпаздары облыстық ішкі саясат басқармасының ескерткіш сыйлықтары, арнайы дипломдарымен марапатталды. Ал   бірінші орын алғаны Қарағанды қаласында өтетін республикалық олимпадаға жолдама алды.

adimage