Қызылордада Батырхан Шүкеновтың ескерткіші ашылды

Қызылорда. 18 мамыр. ҚазТАГ – Батырхан Шүкеновтың туған жері Қызылордада әншінің ескерткішінің салтанатты түрде ашылуы өтті, оған әншінің тумалары, достары мен жерлестері қатысты, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Мүсіннің келбеті үшін Батырхан Шүкеновтің «Отан-Ана» клипіндегі қолында саксофон ұстап тұрған бейнесі алынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,6 метр, мүсіннің биіктігі – 2,2 метр, материалы – қола; тұғырдың биіктігі 1,6 метр», - делінген Қызылорда облысы әкімінің хабарында.  
Ескерткіштің авторы – мүсінші Мұрат Мансұров. Ол жасаған ескерткіштің жобасы 2017 жылы байқауға қатысқан 8 жобаның ішінде үздік атанды. Ескерткіш Қызылорда облысы әкімдігінің тапсырмасымен орындалды. Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Мансұров – «Қазақ елі», «Мәңгілік ел», «Керей-Жәнібек» монументтерінің авторы.
Әншінің анасы Диляра Шүкенова облыс басшылығы мен іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.
«Байқауды ұйымдастырып, ескерткішті орнатуға атсалысқан барлық азаматтарға үлкен рахмет. Ұлыма ескерткіш қойып, оның құрметіне саябақтың атын бергендеріңізге өте қуаныштымын», - деді Батырхан Шүкеновтің анасы Диляра Шүкенова.
Өз кезегінде, Байғали Серкебаев ескерткішті Батырханның  музыка өнерінде алғаш қадам басқан орны – Оқушылар сарайының маңында орнатылғаны кездейсоқ емес деп атап өтті.
«Бұл ескерткіш оның туған қаласының төрінде жарқырап, көркіне көрік қосары сөзсіз. Оның үстіне осы саябақ Батырханның есімімен аталып, келешекте жастардың, әншіні құрметтейтін тұрғындардың жақсы бір демалыс орнына айналар деп сенеміз. Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы Батырхан Шүкеновтің есімі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады», - деді ол.
Өңір басшысы атынан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.
«Батырхан Шүкеновтің әр әні – нағыз хит. Бір ғана «Отан-Анасын» алайық. Алғашқы нотасы ойналған сәттен-ақ, Алтай мен Атырау арасындағы ұлан-ғайыр даланы еріксіз көз алдыңа әкелетін әннің әсері ерекше емес пе? Елбасының өзі бір кездесуде әншіге «Отан-Ана» – еліміздің екінші Әнұраны» деген екен. Міне, осындай талантты  перзентіне Сыр елі мәңгілік ескерткіш орнатып, ілтипатын білдіріп жатыр. Бұл ескерткіш оның туған қаласының төрінде жарқырап, көркіне көрік қосары сөзсіз. Оның үстіне осы саябақ Батырханның есімімен аталып, келешекте жастардың, әншіні құрметтейтін тұрғындардың жақсы бір демалыс орнына айналар деп сенеміз. Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы Батырхан Шүкеновтің есімі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады», - деді ол.
Еске салсақ, қазақстандық әнші 2015 жылдың 29 сәуірінде Мәскеуде жүрек талмасынан өмірінің 53-жылында көз жұмды. Ол Алматыдағы Кеңсай бейітіне жерленді.
Б. Шукенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Музыкалық еңбек жолын әнші Роза Рамбаеваның саксофоншысы қызметінен бастаған. 1988 жылы достарымен бірге «А-Студио» тобын құрып, оның солисті және фронтмені болған. Ансамбль «Джулия», «Солдат любви», «Эти теплые летние дни», «Нелюбимая» және басқа да хиттарымен танылған.
Әнші жеке карьерасы үшін топтан 2000 жылы шығып кеткен. Сол уақыт ішінде өз әндерімен 6 дискі шығарған.
Б.Шүкенов Қазақстан тарихында бірінші рет ЮНИСЕФ елшісі болған.


adimage