Қызылорда. 6 қараша. ҚазТАГ – Қызылордада күріштің ең жақсы сортын таңдау аясында палауларға дегустация жасалды, деп хабарлады өңірлік БАҚ-тар.
«Қызылордада «Ы. Жақаев ат. күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғалымдары өздері шығарған күріштің бес сортына конкурс дегустация жүргізді. Ол үшін бес қазанға палау бастырылып, одан қалалықтарға дәм тарттырды», - деп жазды бейсенбі күні БАҚ-тар.
ҒЗИ директоры Серікбай Өмірзақовтың айтуынша, палауды дайындау үшін «Маржан», «ҚазЕР-6», «ҚазКҒЗИ-5», «ГС-98»( «Ай Сәуле») және Бүкілресейлік күріш ҒЗИ-дің «Янтарь» («Кәріптас») сорттары қолданылды.
«Біз оларды нөмірлеп, қалалықтарға олардан бастырылған палау ұсынып, қайсысы ұнағаныа дауыс беруін сұрадық. Біреулер бірден бәріне дауыс берсе, біреулері күріштің түсіне, суды қалай оптайтындығына, езіліп кете ме, жоқ па екендігіне қарай дауыс беріп жатты», - деді ол.
Оның айтуынша, халық дегустаторларының көбіне күріштің «ГС-98» сорты ұнапты. Ол мемлекеттік сұрыптауға «Ай Сәуле» атымен тапсырылды.
«Жаңа «Ай Сәуле» сортының бұрынғы қазақстандық және ресейлік күріш сорттарынан айырмашылығы, оның дәнінің сопақтау, ұзындау болатындығының арқасында оның астық жиыны басқаларға қарағанда 3-5 центнерге көп болатындығында. Вегетациялық кезеңі 105-110 күндей, ол «Маржанға» қарағанда 3-5 күнге тез піседі және Қазақстанның күрішті алқаптарының бәріне ұсынылады. Конкурстық сорттауда оның өнімділігі 84-86 центнерден келді, ол сортаңдыққа шыдамды, төгілмейді, механикалық астық жинауға бейімделген», - деді күріш селекциясының бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Александр Подольских.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі2 Маусым 2023, 11:59
-
Қазақстанда Астана күніне байланысты 1 шілдедегі сенбі басқа күнге ауыстырылды1 Маусым 2023, 19:00
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,96-ға түсіп, Т448,67/$1 болды1 Маусым 2023, 18:41