Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі

Қызылорда. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Жексенбі күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев “Қолжетімді баспана” бағдарламасының аясында “Шұғыла” мен “Арай-2” шағын аудандарында тұрғызылып жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
“Шұғыла” шағын ауданында бір 50 пәтерлік және үш 60 пәтерлік үй салынып жатыр. “Қазақстан ипотекалық компаниясы” АҚ жалпы аумағы 13400 шаршы м болатын 230 пәтер құрылысымен айналысуда. Мердігер-компания – “Жабдықтау” ЖШС – белгіленгеннен бұрынғы құрылыстың аяқталуы жоспарлануда – ағымдағы жылдың қараша айында”, - делінген жексенбі күнгі әкімдік хабарында.
280 пәтерлік тағы 5 үй “Арай-2” шағын ауданында тұрғызылуда. Мұнда құрылыс іс жүзінде аяқталды, қазан айында пайдалануға берілетін болады, деп уәде етуде құрылысшылар.
Облыс әкімі мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, нысандарды дәл мерзімінде табыстауды тапсырды.
“Өңірлерді дамыту” бағдарламасының аясында барлығы 2080 пәтерлік 41 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

adimage