Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды

Қызылорда. 21 қазан. ҚазТАГ – 14-20 қазан аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтті, деп хабарлайды облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Бұрындары хабарланғандай, спорттың 13 түрін қамтитын бұл бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 2000-ға жуық спортшы қатысты.
    Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте 227 ұпаймен Қызылорда облысының командасы  бірінші, 200,5 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысы  екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға ие болды.
    Кезекті фестиваль жалауын Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Ақтөбе облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Бақтияр Тулеуовке табыстады.

adimage