Қызылордада мектеп директорының экс-орынбасары алаяқтық және сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қызылордада Н.Ілясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.Тастанбекованы алаяқтық және сыбайлас жемқорлық үшін соттады, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«4 қарашада Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектеліп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Тастанбекова алаяқтық жасаған және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.

adimage