Қызылордада мембағдарлама бойынша ақша бопсалаған алаяқ сотталды

Күні: 18:16, 19-02-2019.

Қызылорда. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қызылорда облыстық соты 26 жасар алаяқты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қызылорда облысы полиция қызметкерлері жүргізген шұғыл-іздестіру шаралары барысында 26 жасар алаяқ ұсталды. Ол қарапайым халықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектен тыс пәтер алуға көмектесемін деген желеумен ақша алып келген, осылайша азаматтарға жалпы сомасы 80 млн теңге шығын келтірген» - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство хабарынша, оған көпэпизодты қылмыстық іс бойынша айып тағылып, Қызылорда соты оны бірқатар алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп таныды.
«Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды» - деді өңірдегі ПД-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: