Қызылордада Орта Азиялық жоғарғы білім кеңістігін құру мәселесі талқыланды

Күні: 13:42, 04-11-2014.

Қызылорда. 4 қараша. ҚазТАГ – Қорқыт Ата ат. мемлекеттік Қызылорда университетінде TuCAHEA жобасы бойынша «Орта Азиялық жоғарғы білім кеңістігін құру: дайындау, құрылымы және сапа мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында жиын болып өтті, деп хабарлады өңірлік БАҚ-тар.  
«Жиында пәндік бағыттар бойынша матрицалар таныстырылды; аталған жоба аясында студенттердің икемділік мәселесі талқыланды; серіктес университет үйлестірушілері жобаның университеттердегі жұмысы туралы мағлұмат берді, жоба туралы ақпарат тарату жұмыстары туралы, қолда бар нәтижелерді пайдалану туралы айтып берді», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
Хабарда айтылғандай, жиын «Еуропалық одақ темпусы» («Темпус Европейского союза») бағдарламасы аясында өткен, оған ҚР білім және ғылым министрлігінің, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан мемуниверситет өкілдері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының т.б. өкілдері қатысты.


Жаңалықтармен бөлісу: