Қызылордада Сырдариядағы су деңгейі қауіпті белгіге жақындады

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Қызылордада Сырдариядағы су деңгейі қауіпті белгіге жақындады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қызылорда шегіндегі «Тасбөгет» гидробекетінде Сырдария суы қауіпті деңгейге жақындап қалды (қазіргі деңгей - 704 см, қауіпті деңгей - 740 см)», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Осыған байланысты, синоптиктер атап өткендей, 9-11 қаңтар аралығында су бұдан әрі көтеріліп, өзен жағасына тарауы мүмкін.