Қызылордадағы қалалық жылу желісі «Нұрлы жол» мембағдарламасының арқасында жөндеу көруде

Қызылорда. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорданың жылумен қамту жүйесінде мемлекет «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында қаражат бөлген жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлады «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директоры Асқар Бекмағамбетов.
«Біздің кәсіпорынның негізгі мақсаты бұл – қаланы үздіксіз және сенімді жылумен қамтуды қамтамасыз ету. Бізде 160 километр жылу желісі бар, олардың 35 километрі – магистральдік. Тозу пайызы 54%-ды құрайды. Қазір бізде ендігі 50 километр дерлік құбырды ауыстыру керек. Біздің мұны өз күшімізбен өзгерте алмайтынымызға байланысты, біз өз жобаларымызбен «Нұрлы жол» республикалық бағдарламасына жүгіндік», - деді А. Бекмағамбетов.
Оның ақпарынша, ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мембағдарламасы бойынша мемлекеттік коммуналды кәсіпорын Т3 млрд-ты игеруде.
«Биылға 14 жоба жоспарланып, оған 3 млрд теңге бөлінген. 22 километр құбыр ауыстырылады. Мысалы, Қызылордадағы орталық Қорқыт ата көшесінде, Желтоқсан және Мұстафа Шоқай көшелерінің арасындағы қашықтықта жұмыстар жүргізілуде. Тек бір нысанның ғана өзінде жылыту желісінің 2 километр 100 метр құбыры ауыстырылуда», - деп нақтылады ол.
Еске сала кетейік, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мемлекет жолданым иелеріне (адресаттарға) 20 жылдық мерзіммен бағдарлама бөледі: жеңілдікті кезең 6 жылға созылады, ал 14 жыл – қайтарым мерзімі. Несиелеу мөлшерлемесі 0,2%-ды құрайды.

adimage