Қызылордада жас суретшілер биылғы мерейтойларға орайластырылған байқауда бақ сынады

Қызылорда. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – «Социум Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің өкілдері облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қызылорданың Орталық алаңында жас суретшілер байқауын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Суреттерге тақырыпты ұзақ таңдауға тура келген жоқ. Ағымдағы жыл айтулы оқиғаларға бай. Біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. «Еркін» тақырып та есепте болды», - делінген сәрсенбі күні жарияланған ақпараттық парақшада.
Атап көрсетілгендей, байқау өткізу туралы жаңалық әлеуметтік желілерде таратылған. 5-тен 16 жасқа дейінгі шамадағы 20-дан астам қатысушы үн қатты. Қатысушылар арасында көркемсурет мектебін тәмамдаған өз ісінің кәсіпқойлары да, бейнелеу әзірге тек әуестік болып табылатын балақайлар да қатысты. Ұйымастырушыларға ешкімді ренжітіп алмай-ақ, жеңімпазды анықтау үшін біршама қобалжуға тура келді.
Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен бірінші орын 16 жасар Екатерина Никулинаға бұйырды, екінші орын – 14 жастағы Ангелина Соловьеваға және үшінші орын – 16 жасқа толған Әділхан Төлепбергенге.
«Жас суретшілердің жайшылық пен жақсылық лебі ескен өзге де жақсы жұмыстары көп болды», - деп аяқталған хабарда.

adimage