Қызылордада жазушы Әбдіжамал Нүрпеисовтың 90-жылдығына арналған кітап көрмесі өтті

Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ - Қызылордада жазушы Әбдіжамал Нүрпейісовтың 90-жылдығына арналған оқырмандар конференциясы мен кітап көрмесі өтті.
«Қызылорда облысының Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Әбдіжамал Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті», - деп сейсенбіде жергілікті БАҚ жазуда.
Конференцияға  «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамы» қызылордалық филиалының өкілі Жалғасбек Аманов, ұстаз -  Зада Есмағамбетова, Қорқыт-ата атындағы  ҚМУ-дың,  М. Маметова атындағы гуманитарлық колледж бен ҚазМЗА-ның студенттері қатысты. Олар романда көрініс тапқан тұлғаның, қоғаммен және табиғатпен қарым-қатынасының тарихын талқылады.
«Адамзаттың табиғатқа қол сұғуынан пайда болған экологиялық мәселелерге ерекше дең қойылды.  Аралға деген немқұрайлықтың нәтижесінде теңіздің суы тартылды, балықтар жойылып, жергілікті балықшылар туған жерін тастап кете бастады. Кітапта аралдық балықшылардың тауқыметке толы өмірі көрініс тапқан», - делінген жариялымда.
Сонымен қатар, конференция шеңберінде кітап көремесі ұйымдастырылды.
Ә. Нүрпейісов өзінің «Соңғы парыз» романын жазу үшін ширек ғасыр уақыттын сарп еткен. Ол дүниежүзін мойындатты және қазақ прозасының ХХ ғасырдың соңғы онжылдығының үздік жетістігіне айналды. Романның негізіне Арал трагедиясы алынған, онда автор оның халық үшін салдарын философиялық тұрғыда суреттеп берген.

adimage