Қызылорда. 24 қазан. ҚазТАГ – Қызылордалық аграрийлер Астанадағы жәрмеңкеге 440 тонна ауыл шаруашылық азық-түлік өнімдерін әкеледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Сенбі күні қызылордалықтар Астана қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді. Жалпы құны 72 млн. теңгені құрайтын 30-ға жуық өнім түрін апарады. 15 ауыр салмақты жүк көлігімен Сыр дихандары 440 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін нарық бағасынан 20 пайыз арзан бағада сатпақ», - делінген облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі жұма күні таратқан хабарда.
Жәрмеңкеде көпке танымал «Ақмаржан» күріші, Аралдың балығы, Сыр қауыны, одан бөлек ет және көкөніс өнімдері болады. Сондай-ақ, Астана жұртшылығына көтеріңкі көңіл–күй сыйлау үшін қызылордалық өнерпаздары өнер көрсететін болады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50