Қызылордалықтардың 30 мыңдайын өңірдің құрылыс саласы жұмыспен қамтып отыр

Қызылорда. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Құрылыс саласы шамамен 30 мыңдай қызылордалықты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлады облыстың құрылыс және сәулет басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов.  

«Ағымдағы жылы құрылыс басқармасы жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайтын бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылады. Осылайша, біз тек бюджеттік нысандарда 5 мыңнан астам жұмыс орнына ие болып отырмыз. Сонымен қатар Қызылордада ҚИК бағдарламасы бойынша 20 мыңдай текше метр тұрғын үй тұрғызылуда. Бұл да инфрақұрылым жұмыстары көлемінің көптігін ескере келе, шамамен 5 мыңдай жұмыс орнын ашады», - деді ол.  

Алайда осымен, М.Тлеумбетовтың айтуынша, өңірдің құрылыс саласының көлемі шектелмейді.

«Қызылордада, аудан орталықтары мен ауылдарда сауда үйлері, көлік жуу орындары мен ТҚС, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары тұрғызылуда. Осыларды алып қарасақ, мұның өзі көптеген миллиард инвестиция, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы. Сондай-ақ облыстағы әйнек зауыты сияқты алып жобалардың өзі – күрделі құрылыс екенін ұмытпайық. Демек қарапайым есептегеннің өзінде өңірдің құрылыс саласы 25-30 мыңдай қызылордалықты жұмыспен қамтиды», - деп толықтырды М.Тлеумбетов.

adimage