Қызылордалықтардың 70%-ы 2017 жылы көмір мен сексеуілден газға көшеді – әкім

Күні: 13:04, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қызылорда облысының 70% тұрғыны 2017 жылы көмір мен сексеуілден газға көшеді, деп хабарлады өңір әкімі Қырымбек Көшербаев.
«Инфрақұрылымның тіршілік қамтамасыз етімін дамытудың маңызды бөлігі елді мекендерді газдандыру болып табылады, себебі іс жүзінде барлық ауыл тұрғындары өз үйлеріне отты көмірмен және сексеуілмен жағады. Енді облыстың Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдік газ құбырына қолжетімділігін ескере отырып, біз «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ-мен бірлесіп осының өзінде барлық аудан орталықтарындағы қажетті инфрақұрылымдар құрылысына кірісіп кеттік және 2015 жылы халыққа және кәсіпорындарға газ бере бастауды ойлап отырмыз. Осы бірлескен бағдарлама бойынша 2017 жылы көк отын халықтың 70%-ына жетеді деп үміттенеміз», - деді Қ. Көшербаев жұмадағы брифингіде.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында 20 автобус газбен жұмыс істейді, жыл соңына дейін тағы 100 автобус қою жоспарлануда.


Жаңалықтармен бөлісу: