Қызылордалық және ресейлік ғалымдар күріш өсіру проблемасын зерттеуде тәжірибе алмасады

Қызылорда. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда ғалымдары мен күріш өсіру проблемасын зерттеп жүрген және күріштің селекциялық жұмыстарын жүргізетін олардың ресейлік әріптестері тәжірибе алмасады, деп мәлімдеді Ыбрай Жақаев ат. ҚазҒЗИ директоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов.  

«Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтымен тәжірибе алмасып, күріш өсіруді ғылыми зерттеу және әріптестік бойынша меморандум жасалды, сондай-ақ Ресейден Қызылордаға 2016 жылға және келер жылдарға көктемгі егіс тұқымын жеткізу мәселелері талқыланады», - деді С.Өмірзақов.  

С.Өмірзақовтың айтуынша, Ресей Федераиясының күрішінің  80%-ы Краснодарский крайға тиесілі. 2014 жылы бұл аймақта таза салмағы 820 тонна күріш алынған. 1 гектардан шыққан егіс  көлемі 62,9 центнерді құраған. Ресейліктерден үйренеріміз көп.  

«Соңғы жылдары Ресейде тұқым сорты бойынша жұмыстар жоғары қарқында жүріп жатыр, - деді Өмірзақов. – Соның арқасында 5 жылда күріш өнімділігі 1,5 есе артты. Бұл жақсы нәтиже».

adimage