Заңның ұлықтығы рейтингінде Қазақстан 126 жолақтың 65-не тұрақтады

Күні: 13:50, 01-03-2019.

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Халықаралық World Justice Project тәуелсіз ұйымының заңның ұлықтығы рейтингінде 126-ның 65-ші жолағына тұрақтаған.
Жалпы рейтингте Қазақстан 65-орынға тұрақтады, оның алдына Панама, Шри-Ланка және Индонезия түсті, бұл ретте Молдованы артына салды.
Рейтингке сәйкес, Қазақстанның әлсіз жері мемлекеттік билік болып отыр (бұл параметр бойынша Қазақстан 126-ның 100-ші жолағына тұрақтады, Молдова мен Ауғанстанның артында қалып, Бангладеш пен Нигерияның алдына шықты). «Негізгі құқық» параметрі бойынша Қазақстан 95-орында, «Үкіметтің ашықтығы» - 75-ші, «Сыбайлас жемқорлықтық жоғы» - 61-ші, «Тәртіп және қауіпсіздік» - 37-ші, «Заң қолдану тәжірибесі» - 63-ші, «Азаматтық сот өндірісі» - 44-ші, «Қылмыстық сот өндірісі» - 69-шы орында.
Жалпы рейтингте Эстония 10-шы, Грузия - 41-ші, Беларусия - 66-шы, Украина - 77-ші, Молдова - 83-ші, Қырғызстан - 85-ші, Ресей - 88-ші, Өзбекстан - 94-ші орында.
Алғашқы үш жолды Дания, Норвегия, Финляндия иемденді, соңғы үш жолды - Конго, Камбожда, Венесуэла иемденді.


Жаңалықтармен бөлісу: