Зарина Дияс Шэньчжэнде WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. 26 жасар қазақстандық теннисші Зарина Дияс Шэньчжэнде 4:6, 6:2 және 4:6 есебімен испандық теннисші Гарбинье Мугурусадан жеңіліп, WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
«Евроспорт» сайтының ақпарынша, өзінің бастапқы матчында Зарина қытайлық Инъин Дуаньнді 6:3 және 6:4 есебімен, ал Гарбинье – қытайлық Ю Ванг Синьді 3:6, 6:3 және 6:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда Дияс ресейлік Анна Блинкованы 6:1, 6:7 және 6:4, ал Мугуруса – америкалық Шелби Роджерсті 6:1, 7:6 есебімен жеңді.
Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингінде (Women's Tennis Association, WTA) қазақстандық 75-ші орынға шықты және өз мансабында шамамен $2,8 млн жинады, ал испандық 35-ші орында және өз мансабында $19,2 млн. астам жинаған.
Кейін турнирдің сол кезеңінде – ширек финалға – тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина шығады, ол әлемнің 36-шы ракеткасы. Ол әлемнің 17-ші ракеткасы 24 жасар бельгиялық Элис Мертенспен бақ сынасады.
Ширек финалдың басқа матчтарында қытайлық Ван Цян ресейлік Екатерина Александрова және украиналық Катерина Бондаренко чехтық Кристина Плишковамен бақ сынасады.
Еске салсақ, 6 қаңтарда ҚазТАГ ХАА 20 жасар қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бастапқы матчында қытайлық 22 жасар Сайсай Чжэнді 6:2, 1:6 және 6:2 есебімен жеңгенін хабарлаған еді. Сосын 1/8 финалда ол 6:3 және 6:4 есебімен тағы бір қытайлық Яфань Ванды жеңді.
Елена Рыбакина 1999 жылдың 17 маусымында Мәскеуде дүниеге келген. Кәсіби карьерасын 2016 жылы бастаған.

adimage