Өзбек-түркмен шекарасында 6 кг героин ұсталды

Күні: 15:37, 13-10-2014.

Ташкент. 13 қазан. ҚазТАГ – Өзбек шекарашылары Түркменстан аумағынан өткізбекші болған 6 кг героинді ұстады, делінген Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің мемлекеттік шекараны қорғау комитетінің баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.  
Героиннің осы партиясы «Алат-темір жол» өткізу пунктінде анықталды. «Жүк вагонының астынан қос доңғалақтың арасындағы құпия жерге орналастырылған 5,7 килограмм болатын героин алынды», - делінген хабарда.
Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстаннан Ресей мен одан ары Еуропа алдеріне тасымалданатын апиынның «солтүстік маршруты» деп аталатын жол өтеді. Онымен жыл сайын 100 тонна героин тасымалданады.


Жаңалықтармен бөлісу: