Өзбекстан Қазақстанның медқоймаларына 2 млн маска мен 2 млн қолғап жеткізді - ҚР ДСМ

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның медициналық қоймаларына 2 млн маска мен 2 млн бір реттік қолғап жеткізді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Өзбекстандағы әріптестеріме алғысымды білдірейін деп едім. Олар бізге қазір гуманитарлық көмек көрсетті – қоймаларымызға шамамен 2 млн маска мен 2 млн бір реттік қолғап жеткізді», - деді сейсенбі күні коронавирусты инфекциямен күрес мәселесі жөніндегі онлайн-брифингте сұраққа жауап берген Цой.
Оның айтуынша, көмек құны қазір есептелуде.
«ӨЖЖ аппараты, қорғаныс костюмдері түріндегі басқа гуманитарлық көмек қазір әкелінуде», - деді министр.
Ол бұл гуманитарлық көмектің бағасын да атауға уәде берді, «ақшамен болмаса да,   сандық мөлшерде».

adimage