Өзбекстан ЕАЭО қосылу мәселесін қарап жатыр - Матвиенко

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ –Ресей федерациясы кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіру мәселесін қарап жатыр, деп хабарлады ТАСС.
«Біз білеміз, ол туралы айтылды, Өзбекстан президенті шешім қабылдады, қазір Өзбекстанның ЕАЭО кіру мәселесі қаралып жатыр», - деп мәлімдеді Матвиенко сәрсенбі күні Өзбекстанның Олий мәжілісі (парламенті) заңнамалық палатасының басшысы Нурдинжон Исмаиловпен кездесуде.
Ол «Ресей мен Өзбекстан одақ аясында ынтымақтастықта болу мүмкіндігі үшін» келісу процесінің ұзаққа созылмайтынына сенім білдірді.
«Өзбекстанның ЕАЭО-ға кіруі екі жақты өзара қарым-қатынас үшін жаңа мүмкіндік береді, екі ел арасындағы белгілі бір кедергілер мен шектеулерді жояды», - деді Матвиенко.
ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында қол қойған. Одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения кіреді.

adimage