Өзбекстан мен Қазақстан шекараны белгілеу бойынша келіссөздер өткізді

Күні: 18:25, 01-02-2019.

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Өзбекстан мен Қазақстан шекараны белгілеу бойынша келіссөздер өткізді, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).
«2019 жылдың 27 қаңтары -1 ақпаны аралығында Ташкентте өзбек-қазақ мемлекеттік шекарасын белгілеу бойынша Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік делегацияларының келіссөздері өтті», - делінген Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, кездесу барысында тараптар мемлекетаралық шекараны белгілеудің қорытынды құжаттарын әзірлеуді жалғастырды, сондай-ақ, 2019 жылға арналған далалықтағы белгілеу жұмыстарының көлемін жоспарлады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.


Жаңалықтармен бөлісу: