Өзбекстан сұйытылған газды экспорттауға толықтай тыйым салды

   Астана.8 желтоқсан.ҚазТАГ- Өзбекстан сұйытылған газды экспорттауға толықтай тыйым салды, деп хабарлайды Kun.uz.
«Өзбекстан сұйытылған газды экспорттауға толықтай тыйым салды. 2023 жылғы 1 наурызына дейін сұйытылған газбен жүретін және мемлекеттік органдарға тиесілі көліктер бензинге көшеді»,- деп хабарлады Өзбекстан Президент Әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңесте.
Билік мынандай қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:
• барлық өндірушілер мен саудагерлерге сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынады;
• халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда сұйытылған газ жеткізіледі;
• су ресурстары министрлігі жүйесіндегі сорғы станцияларына электр энергиясын берудегі уақытша шектеулерді жыл соңына дейін ұзарту;
• бензиннің, сондай-ақ бензин мен дизель отынын өндіруге арналған шикізаттың импортын арттыру;
• АИ-80 маркалы бензиннің биржадағы саудасына делдалдық компаниялардың қатысуына жол бермеу;
• АИ-80 маркалы бензиннің импортына акцизді және оны бөлшек саудада өткізуге акцизді есептеу және алу екі ай мерзімге тоқтатылды;
• биржада сатылатын АИ-80 маркалы бензиннің тәуліктік көлемі ұлғайтылады.

adimage