Өзбекстанда 800-ден астам БК мен қазақстандық кәсіпорын жұмыс жасап жатыр

Алматы. 24 ақпан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Өзбекстанда 2020 жылдың 1 ақпандағы жағдайы бойынша 827 біріккен кәсіпорын мен қазақстандық капиталы бар кәсіпорын жұмыс жасап жатыр: ТМД елдері арасында – Ресейден кейінгі екінші орында (1864), деп хабарлады агенттік тілшісі.
Өзбекстан Республикасының статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпары бойынша Қазақстанның қатысуымен 827 кәсіпорынның ішінде 418-і біріккен кәсіпорын және 409-да қазақстандық капиталдың үлесі 100%.
Көш бастап тұрған ел Ресейге келсек, РФ-ның қатысымы бар 1864 кәсіпорынның 1125-і біріккен кәсіпорын, ал 739-ның капиталы толықтай ресейлік.
ТМД елдері арасында Қазақстаннан кейін сәйкесінше Әзірбайжан тұр (183, 63, 120), Қырғызстан (158, 91, 67), Тәжікстан (163, 93, 70), Түркіменстан (152, 64, 88), Украина (124, 74, 50), Беларусь (71, 46, 25), Армения (33, 19, 14) және Молдова (22, 8, 14) .
Әлем елдері арасында Қазақстан төртінші орында тұр. Бірінші орында, жоғарыда айтылғандай, Ресей (1864), екінші орын – Қытай (1690), үшінші орын – Түркия (1306), сосын Қазақстан (827), одан кейін Корея Республикасы (824).
Өзбекстанның статистика комитетінің шолуында атап өтілгендей, шетелдік кәсіпорынның басым бөлігі өнеркәсіп және сауда саласында жұмыс жасауда.
2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шетелдік капиталы бар кәсіпорынның саны 11 мыңды құраған, оның 10,6 мыңы немесе 96,1%-ы жұмыс жасап тұр. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 мыңға артқан немесе 37%.

adimage